Интернеттегі этикет ережелері

20 қарашада 2020 ж. Құқықтану кафедрасының Қ. 402 тобының кураторы Саутбаева С.Б. «Интернеттегі  этикет ережелерін жастардың орындауы» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Тәрбиелік іс-шараның мақсаты – жастарды Internet желісінде бір-бірімен қарым-қатынас жасау ережелеріне үйрету. Студенттер желілік этикет ережелерімен – Internet желісінде қабылданған жақсы форманың ережелерімен, Internet-те қабылданған негізгі ұғымдармен, форумда, чатта қарым-қатынас жасау кезіндегі этикет ережелерімен танысты. Кураторлық сағаттың тақырыбы студент жастардың қызығушылығын тудырды.