Мемлекеттік басқару және маркетинг кафедрасы – Оқу және ғылыми қызметі

Мемлекеттік басқару және маркетинг кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Оқу және ғылыми қызметі

Кафедраның ғылыми қызметі келесідей бағыттарда жұмыс жасауда:

  • аймақтың моноқалаларының индустриалды – инновациялық дамуының мәселелері;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тегін маркетингтік қызмет көрсету орталығын құру.

Кафедра аймақтық билік органдарының тапсырыстары бойынша және грант негізінде ғылыми – зерттеу жұмыстарын  орындайды.

Сонымен қатар, кафедраның ғылыми бағыттары ғылыми – әдістемелік семинарлар, магистрлік диссертацияларды талдау, конференцияларға қатысу түрінде жүзеге асырылады. Үш жыл ішінде кафедра ПОҚ – ның мақалаларының саны екі есеге өсті. Кафедрада «Ар-намыс», «Маркетолог – зерттеуші»  студенттік ғылыми үйірмелер бар.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде, оқытушылар арасында  профессор Б.А. Жунусов «Шанхай экономика және қаржы» университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2018 -2019  оқу жылдары кафедраның  студенттері Қарақулова Ж.,  Байсары А., Сансызбаева А., Тілегенова Л., Жекешева А. Алматы Техникалық университетінде білім алуда.

Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысы университетте білікті мамандар даярлаудың міндетті алғышарты, оқу – тәрбиелік және ғылыми – инновациялық біртұтас процестің ажырамас бөлігі болып табылады. Ғылыми жұмыстармен айналысу студенттерге жоспарларын анықтауға,  қажетті зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға және өз ғылыми жұмыстарының нәтижелерімен конференцияларға, семинарларға, пікірталастарға қатысуға мүмкіндік береді. Студенттік командалар кафедра оқытушыларының жетекшілігімен соңғы үш жылда Қазақстанның алдыңғы қатарлы ЖОО өткізетін әртүрлі республикалық  пәндік олимпиадалардың, байқаулардың және халықаралық  конференциялардың  жүлдегерлері атанды.

Кафедра студенттердің тұлға ретінде дамуға бағытталған жұмыстар жүзеге асырылады. Кафедра студенттері әр түрлі сайыстар мен республикалық конференцияларға белсенді қатысады, сонымен қатар жақсы нәтижелер көрсетеді. «Мемлекеттік және  жергілікті басқару» саласында мамандарды дайындайтын оқу орындары және мемлекеттік органдар арасында практикалық ынтымақтастықтың жобасы  кафедрамызда еңгізілді. Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер министрлігінің департаментімен бірлесіп «Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасының ұйымдастыруымен жаңа жоба «Студенттік мемлекеттік қызмет мектебі – «МАНСАП» жұмыс жасайды. Мектептің ашылуына 2016 жылдың наурыз айында Мемлекеттік қызмет бойынша өңірлік хабтын басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов пен Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасының тұрақты өкілі Норимаса Шимамура қатысты.  «МАНСАП» мемлекеттік қызмет мектебі ашылу мақсаты -түлектеріне болашақ кәсіби қызметінде қолданылатын мемлекеттік қызметінде тәжірибелік дағдыларды  қалыптастыру.

Студенттік мемлекеттік  қызмет мектебіне студенттер іріктеліп алынады. «МАНСАП» мектебінде  мемлекеттік органдардың жетекші мамандары дәріс жүргізеді және теориялық оқытудан кейін студенттер түрлі мемлекеттік органдарда екі айлық тәжірибеден өтеді. Бұл мектептің мәні – дарынды жастарға мемлекеттік қызметке тәжірибелік дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беру болып табылады.

Кафедраның профессор – оқытушылар құрамы ғылыми журналдардағы, халықаралық және республикалық ғылыми – практикалық конференциялардағы басылымдары бойынша, оқулықтар мен оқу құралдарын шығару бойынша жоғары рейтингтік көрсеткішке ие.

Көптеген жылдардың жұмыс нәтижесінде профессор – оқытушылар құрамы еліміздің барлық жоғары оқу орындарында қолданылып жүрген 30-дан астам оқулықтар мен оқу құралдарын дайындап баспадан шығарды. Олардың ішінде оқулықтар: «Нарықтық экономика негіздері», «Теоретическая экономика», «Жалпы экономикалық теория», «Экономикалық ілімдер тарихы», «Общая экономическая теория», «Макроэкономика» және т.б.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы