Мемлекеттік басқару және маркетинг кафедрасы – Материалдық-техникалық база
Мемлекеттік басқару және маркетинг кафедрасы
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
Материалдық-техникалық база
Профессорлық – оқытушылық құрамның және білім алушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін, ғылым жетістіктерін оқу процесіне енгізу үшін, университет қабырғасында жыл сайын ғылыми – практикалық шаралар өткізіліп, олардың нәтижелері конференция басылымдарында шығарылып отырады.
Университеттің ұйымдық құрылым ретінде «Экономика және құқық» факультетінде білім алуға және еңбек етуге қолайлы жағдайлар жасалған.
Атап өтсек, білім үрдісін жүзеге асыру үшін қажет инфрақұрылым тұрақты жетілдіріліп тұрады. Мониторинг нәтижесінде білім алушылардың, оқытушылардың, қызметкерлердің және басқа да мүдделі тұлғалардың университет аумағындағы бар инфрақұрылыммен қаншалықты қанағаттанатыны анықталады.
Экономика және құқық факультеті №5 оқу ғимаратында орналасқан, 100 орынды оқу залы, электрондық оқу залы бар, ғылыми кітапхана қызмет етеді. Сонымен қатар, электрондық каталог, электрондық кітапхана, 180 орынды акт залы бар.
«Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасында 411 «Мансап» жас мемлекеттік қызметкерлер мектебі, 419 «NameLab» маркетинг кабинеттері пайдаланылады.
Оқу ғимаратында барлық арнайы пәндер ақпараттарына қол жетімді жағдай жасалған, сәйкесінше, электрондық кітапхана құрамында электрондық оқулықтар, профессорлық – оқытушылық құрамның дәрістерінің электрондық көшірмелері, барлық пәндер бойынша оқу -әдістемелік кешен, оқу презентациялары мен оқыту бағдарламалары, монографиялар мен оқулықтардың электрондық нұсқалары, анықтамалар, мақалалар, мерзімді басылымдар мен ғылыми – практикалық конференциялардың электрондық нұсқалары бар.
2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасының ЖОО – ның электрондық ғылыми және оқыту ресурстарын біріктіретін Республикалық университет аралық электрондық кітапхана (РМЭБ) жүзеге еңгізілді. Студенттер (http://www.rmeb.kz) – РМЭБ сайтында Қазақстан Республикасының басқа да ЖОО – ның электрондық оқу ресурстарын пайдалана алады.
Ағымдағы оқу жылына «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Маркетинг» мамандықтарына оқу – әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қоры – 46281, соның ішінде мемлекеттік тілде – 26719.
Университетте оқытушылар мен білім алушыларға технологиялық қолдау мақсатында «Univer» жүйесіндегі ақпараттық орта қалыптастырылған. Университет қабырғасында арнайы компьютерлік аудиторияларда білім алушылар мен оқытушыларға тегін 160 мбит/сек жылдамдықтағы интернет желісі қарастырылған. Дәл осындай мүмкіншілік жатақхана студенттеріне де жасалған.
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы