Мемлекеттік басқару және маркетинг кафедрасы – Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы

Мемлекеттік басқару және маркетинг кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мен «Маркетинг» мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу 85% құрайды.   Бұл мамандықтың түлектері еліміздің, аймақтың мемлекеттік басқару  органдарында  және әртүрлі кәсіпкерлік құрылымдар  саласында қызмет етеді.

Кафедра  түлектері – Д.Ж.Ермаганбетов, Ж.С.Жұмашева, Е.Н. Мырзаханова Ақтөбе облысының индустриалды – инновациялық дамуы басқармасы,  Бабатова А. – Ақтөбе облысының білім басқармасында жетекші маман, Сисенов А. – Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімінде бас маман, Абекенов М.Д. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде бас маман, Актанова Л. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде бас маман, Өмірзақ А. – Ақтөбе облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бас маман, Камилов М. – Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының бас маманы, Ахмет Ж. – Қарғалы ауданы әкімі аппаратында жетекші маман, Даңғаев С. – Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы ККМ, сонымен бірге Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында, т.б.қызмет  жасайды.

Ақтөбе еңбек нарығы жас мамандарды мансапты сәтті бастау үшін көптеген мүмкіндіктер береді. Бүгінде Ақтөбе облысының көптеген кәсіпорындары біздің мамандықтың түлектерін жұмыс орындарына тартуға мүдделі. «Маркетинг» мамандығы бойынша үздік білімі бар студенттер түрлі салаларда жұмыс жасайды.  Сонымен  қатар, «Маркетинг» мамандығының түлектері Ғалым Кобландин, Индира Кенжебаева, Айбану Бекетова, Ербол Жұмашев, Султан Мажитов, Аида Сейтжапарова, Даурен Өтегенов мемлекеттік қызметте жұмыс  жасайды, сондай – ақ алдыңғы қатарлы өндірістік кәсіпорындардің  бірі – «Ақтөбе рельс арқауы – балк зауытына»  Нұрланқызы Перизат маркетолог ретінде  жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ – Айгерим Мусирова, Айгуль Сеилова, Ғалия Айтжанова, Айзат Бакытова, Айгуль Мустафина, Жазира Садыкова, Шолпан Ихсанова сынды  түлектер Ақтөбе облысының әртүрлі мемлекеттік мекемелері мен банк саласында қызмет атқарады.

Кафедра  түлектері  Қазақстан экономикасының көптеген салаларында, атап  айтар  болсак, Ақтөбе теміржол зауыты, банк құрылымдары, аудан  әкімшіліктерінде  қызмет  атқарып  жүр.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы