Экономика және менеджмент кафедрасы – Кафедра тарихы

Экономика және менеджмент кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Кафедра тарихы

1993 жылыдың қыркүйек айында «Экономика және менеджмент» кафедрасы құрылып, экономика ғылымдарының кандидаты Ювица Николай Владимирович жетекшілік жасады. 1995 жылдың желтоқсан айынан бастап 2015 жылдың қараша айына дейін «Экономика және менеджмент» кафедрасына экономика ғылымдарының кандидаты, профессор  Байжомартов Үкетай Серикбайұлы жетекшілік етті.  Кафедрада 1996 жылдан бастап «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 1997 жылы «Халықаралық экономикалық қатынастар», «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандықтары бойынша оқыту қолға алынды. 1997 жылы кафедрадан «Экономикалық теория» кафедрасы бөлініп шықты. 1999 жылы кафедраның атауы «Микро және макроэкономика» болып қайта өзгертіліп, одан «Менеджмент» кафедрасы бөлінді. 2000 жылы кафедра өз қызметін «Басқару және кәсіпкерлік» атауымен жалғастырды, ал 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап «Экономика және менеджмент» кафедрасы атауымен өзгертілді.

«Экономика және менеджмент» кафедрасы экономика және құқық факультетінің  негізін қалаушы кафедра болып табылады. Кафедра бакалаврлар мен магистрлар дайындауда төмендегідей жүзеге асырылады:

Бакалавр   оқу  бағдарламалар :

  • 6В04101 «Экономика»
  • 6В04102 «Менеджмент»
  • 6В04107 «Әлемдік экономика»
  • 6В04108 «Бизнес   әкімшілік»

Магистратура мамандықтары:

  • 7М04101 «Экономика»  (2 жыл)
  • 7М04110 «Экономика» (1,5 жыл)
  • 7М04109 «Экономика» (1 жыл)
  • 7М04102 «Менеджмент» (2 жыл)
  • 7М04112 «Менеджмент»  (1,5 жыл)
  • 7М04111 «Менеджмент» (1 жыл)
  • 7М04108 «Іскерлікәкімшіліктіжүргізу» (2 жыл)
  • 7М04119 «Іскерлікәкімшіліктіжүргізу»  (1 жыл)

Докторантура

  • 8D04101 «Экономика»

Білім алушыларды даярлауды   кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жүзеге асырады:

  • 4 – PhD;
  • 1 – ғылым кандидаттары,
  • 12 – магистр.

ПОҚ-ның қызметкерлері сапалы түрде жетілдірілуде және жыл сайын кәсіби шеберлікті жетілдіру курстарынан өтеді.

23.01.2020 күні Жұбанов университетінің конференц-залында университеттің Оқу-әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен «Әдістемелік жобалар -2020» байқауы қорытыланды.

«Әдістемелік жобалар – 2020» байқауының сараптау комиссиясының шешімімен 10 жоба байқаудың қорытынды кезеңіне өткен болатын. Жоба қатысушылары әріптестерін өздерінің білім беретін пәндері бойынша қолданатын әдіс-тәсілдерімен таныстырып, тәжірибе алмасты. Оқытушылар сабақ барысында пайдаланатын әдістерін интерактивті тақтада таныстырылым негізінде көрсете отырып, өз жобаларын қорғады.

«Экономика және менеджмент» кафедрасының оқытушылар Ибрашева Алмагул және Шынар Нургалиева байқауға «Дуалды оқыту жүйесі бойынша білім беруде дәріс пресс-конференция, брифинг әдістерін пайдалану» атты жобасын ұсынды. Байқаудың қорытынды бойынша аталған әдістемелік жоба 3-орынға иеленді.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы