Экономика және менеджмент кафедрасы – Оқу және ғылыми қызметі

Экономика және менеджмент кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Оқу және ғылыми қызметі

Профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық шеберлігін көтеру мен оқыту үдерісінің сапасын арттыру үшін кафедра ПОҚ біліктілікті көтеру курстары мен тағылымдамаларға, оқыту семинарларына белсенді қатысады.

Шетелдік ғылыми тағылымдамадан кафедраның төмендегідей профессор-оқытушылар құрамы өтті:

Кунуркулжаева Г.Т. э.ғ.к., аға оқытушы 2018 жылы    Альчиде де Гаспери атындағы  Еурорегионалды   экономика  университеттінде  «Қазіргі білім берудің стратегиясы мен практикасы: еуропалық тәжірибе»  тақырып  бойынша халықаралық тәжірибеден өтті. (Польша, Варшава)

2018 жылдың 10-20 қарашасы аралығында   аралығында     кафедра  доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Ж.Атаниязов  Нукус қаласында Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің жанында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аралығында «Экономика» мамандығының 3 курс студенттеріне «Шаруашылық қызметті талдау» пәні бойынша  дәріс оқыды.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы тәжірибе алмасу мақсатында  интерактивті  әдістер мен оқытудың жаңа технологияларын пайдала отырып ашық сабақтар өткізеді.

2018 жылы С.М.Сүлтмұратова, Ph.D., аға оқытушы Г.Ессеркенова, А.Убадролла, М.Оразай студенттермен бірге Экономика және бизнес жоғары мектебінде менеджмент бойынша 3-ші Халықаралық олимпиадаға қатысты

Кафедраның ПОҚ «Тренинг как форма интерактивного проведения занятий»; «Особенности организации лекции вдвоём, лекции с заранее запланированными ошибками»; «Методика и технология проведения мультимедийной лекции»; «Разработка электронных учебников»; «Особенности дистанционного обучения» тақырыптарындағы әдістемелік семинарларды  ұйымдастыру мен өткізуде  белсене ат салысты.

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша профессор Толымбек А. – Канаданың университетінен – 5В050600 / 6М050600-ЭК 5В050600-Экономика мамандығының студенттері үшін  «Қаржы нарықтары», «Стратегиялық менеджмент және көшбасшылық» пәндері бойынша дәріс оқыды, университеттің профессор-оқытушылар құрамы үшін халықаралық семинар өткізіді «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында.

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында экономика және құқық факультеті экономика және менеджмент кафедрасына Самара университеті (РФ), экономика ғылымдарының докторы, профессор Тяпухин Алексей Петрович шақырылды.

Сәуірдің 16-нан бастап 28-і мен 28-сі аралығында 2 апта бойы профессор Тяпухин А.П. 5В050600 «Экономика» мамандығы студенттеріне арналған «Инвестициялық менеджмент», «Инновациялық менеджмент» пәндері бойынша сабақтар жүргізілді және 5В050700 «Менеджмент». Сондай-ақ магистранттарға ғылыми тақырыптар бойынша кеңес берді.

Кафедраның жоспардан тыс кездесуі профессор Тяпухин А.П. шақыруымен өтті. жобалар және т.б. оқу-жаттығу жиынының қорытындылары бойынша студенттік белсенді топтармен  пікір алмасу, қос дипломды білім беруді ұйымдастырудың болашақ жоспар  туралы, академиялық ұтқырлық бағдарламасын одан әрі дамытуды, бірлескен ғылыми жобалардағы ынтымақтастық және т.б. талқыланды.

А.П. Тяпухин   кафедрасы ұйымдастырған   «Аймақтық индустрияны дамытудың негізгі бағыттары және төртінші индустриалды революциядағы дағдарысты басқару»  атты    өңірлік ғылыми семинарға қатысты. Семинар барысында ол қарастырылып отырған мәселелерге қызығушылық танытты және талқылауға белсенді қатысты.

Еңбек нарығының қажеттілігін ескеріп, білім алушылардың кәсіби дайындық деңгейін көтеру мақсатында «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ АФ базасында кафедра филиалы ашылды

Жыл сайын кафедраның профессор-оқытушылар құрамы «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлер бөлімі» ММ-нің тапсырмасы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт негізінде V Global Entrepreneur Week Қазақстан аясында Ақтөбе қаласының жас кәсіпкерлер Форумын ұйымдастырады.

Ақтөбе облысы Қобда ауылында «Қобда гимназиясы» КММ базасында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Экономика және құқық» факультеті «Экономика және менеджмент» кафедрасы филиалы салтанатты түрде ашылды.

Аталған филиалда жоғары оқу орны оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің бірлескен жұмысы жоспарлануда, сонымен қатар кәсіпкерлік негіздері бойынша курстарды, шеберлік кластарын, тренингтерді, жетекші бизнес-тренерлермен және университет оқытушыларымен ашық практикалық сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу көзделіп отыр.

Кафедра  филиалындағы  дәріс

Қобда  гимназиясындағы   «Экономика  және   менеджмент»     кафедрасының     филиалы негізінде    «Балтық халықаралық академиясының»   докторы,  профессор А. Машарский  Латвия Республикасында   бизнесті   ұйымдастырудың ерекшеліктері    тақырыбында семинар өткізді. Сапар барысында профессор   Латвиядағы  кәсіпкерліктің   ерекшеліктері туралы айтты.

Экономика және менеджмент кафедрасындағы педагогикалық жүктеме аясында кафедра  студенттерге Балтық халықаралық академиясының (Baltic International Academy, Латвия) шетелдік ғалымы, экономика ғылымдарының докторы Александр Машарский дәрістер оқиды.

Кафедраның бизнес-тренерлерімен   бірге профессор А.Машарский «Атамекен» ҚР ҰКП пилоттық жобасы аясында «Кәсіпкерлік негіздері» курс студенттеріне дәріс өткізді.  Ол студенттерді кәсіпорын экономикасы, банктік және қаржылық тәуекелдер саласындағы халықаралық тенденциялар туралы ақпаратпен таныстырды.

Сондай-ақ профессор Машарский А.А.  Латвиядағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдау туралы қазіргі жағдай туралы айтып берді. Студенттер осы мәселелерді белсенді түрде талқылады және оларды әрі қарай кәсіпкерлік қызметінде қолдануға қабылдады

Шетелдік ғалым тәжірибесімен бөлісті

«Экономика және менеджмент» кафедрасымен экономика және құқық факультетінің оқытушылары мен магистранттарына арналған «Экономикалық зерттеулердің әдіснамалық мәселелері» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді.  Аталмыш семинардың модераторы доктор, Балтық халықаралық академиясының профессоры А.А.Машарский болды.

Семинар барысында профессор экономикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу кезінде туындайтын әдіснамалық мәселелер туралы сөз қозғады.

Профессор А.А.Машарский Латвия экономикасы мен бизнес-зерттеулерді басқарудағы мәселелерді шешу тәжірибесімен бөлісті.  6М050600 «Экономика», 6М050700 «Менеджмент» мамандықтарының магистранттарымен экономикалық зерттеулерді ұйымдастыру, статистикалық мәліметтерді жинау және өңдеу әдістері жөнінде сұрақтар қойылып, тыңдаушылар Латвия экономикасының, кәсіпкерліктің және қаржы нарығының дамуына қызығушылықтарын танытты.

Болашақ   бизнес   менеджерлер   практик   ғалыммен кездесті

ХХІ ғасырда бизнес-әкімшілік танымал және сұранысқа ие болып келеді, өйткені осы мамандық түлектерінің табыстылық пен барынша жүзеге асыру мүмкіндіктері оңай ашылатын сөзсіз.

Бизнес- әкімшілік   бағыттардың тұтас спектрін ашу, мамандық студенттері үшін белгілі бір процестер мен құбылыстардың ойлау виртуалды модельдерін логикалық құрастырудың практикалық дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру мақсатында 6В04108 – «Бизнес- әкімшілік» мамандығының студенттері үшін Балтика халықаралық университетінің профессоры А.А. Машарскийдің жетекшілігімен «Шағын және орта бизнесті басқарудағы шетелдік тәжірибе» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.

Студенттер «Латвия мен Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуын салыстырмалы талдау» практикалық тапсырмасына ерекше қызығушылық танытты.

Кафедра   магистранттарына  арналған тренинг

Тәуекел қоғамның экономикалық, саяси және әлеуметтік өмірінің ажырамас бөлігі ретінде сөзсіз нарықтық жағдайда жұмыс істейтін   кез-келген ұйым қызметінің барлық бағыттарымен   және   сфералармен   қатар  жүреді.

Жоғарыда айтылғандар қазіргі заманғы іскерлік әкімшілікті    жүргізудің теориясы мен тәжірибесінде тәуекелдерді басқару мәселелерін зерттейтін түбегейлі жаңа бағытты бөліп көрсетуді қажет етеді.

2019 жылғы 4 қарашада  ОБ 7M04119 – «Іскерлік   әкімшілікті    жүргізу»  магистранттары  үшін, экономика докторы, Балтық Халықаралық Академиясының профессоры А.А. Машарский «Кәсіпорындағы тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренинг барысында тәуекелдерді басқарумен байланысты теориялық және әдістемелік материалдар жүйеленді, сонымен қатар магистранттар кешенді тұжырымдамалық негіздеме  әзірлеп, кәсіпорында тәуекелдерді басқаруды ұйымдастырудың негізгі бағыттарын анықтады.

Ағымдағы жылдың 07 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында Экономика және құқық факультетінде “Экономика және менеджмент” кафедрасының ұйымдастыруымен ШЖҚ “Ақтөбе облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы” МКК қолдауымен «Бірге бәрін жеңеміз» атты облыстық кең ауқымды акция өткізілді.

Өткізілген акция түрлі форматтағы бірқатар іс-шаралар: “Қоғамдастықтардың маңызы зор” тақырыбына арналған дөңгелек үстел, “Сен мұны білуі тиістісін” атты дәріс, оның шеңберінде «25 жыл  есте сақтау және түсіну» фильмінің көрсетілімі, “Қауіпті-қауіпсіз” тренингі және “АИТВ туралы сұра” үгіт шатыры ұйымдастырылды.

“ЖИТС-тың   алдын  алу  және оған қарсы күрес жөніндегі Ақтөбе облыстық орталығы “МКҚК өткізілген  «Өз статусыңды біл»  жедел тестілеу-іс-шарасына ерекше назар аударылды.

КММ “Қобда гимназиясы”  жанында  ашылған  кафедра филиалымен  бірлесе отырып, 11.02.2020 ж.  Жубанов университетіне   оқушылары мен гимназия мұғалімі Абишева Жансая   «Ашық  есік»   күніне  қатысты.

Іс-шара барысында  қатысушыларға  аудиториялар, конференц-залдар, кітапхана, студенттерге қызмет көрсету орталығы, Конфуций Институты экскурсия  ұйымдастырылды. Сонымен қатар, оқушылар “Экономика және құқық” факультетінде оқытушылармен, қызметкерлермен және студенттермен кездесіп, кафедра білім беру бағдарламаларына  түсу жоспарларымен бөлісті.

ПРОТОКОЛ 5 ЗАСЕДАНИЯ КОМИССИИ ПО ОБЕСПЕЧЕНИЮ КАЧЕСТВА ФЭиП от 16.01.2023

Электрондық оқу ресурстарын әзірлеу және жариялау


Курманалина Айгуль Айтжановна

Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы