Экономика және менеджмент кафедрасы – Жетістіктер

Экономика және менеджмент кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Жетістіктер

2016 жылдың қараша айында 5В050600 – Экономика, 6М050600 – Экономика мамандықтары Қазақстан Республикасы Аккредиттеу және рейтингтің Тәуелсіз Агенттігі тарапынан бес жыл мерзімге мамандандырылған аккредиттеуден  сәтті өтті.

Сонымен қатар 2017 жылдың желтоқсан айында 5В050700-Менеджмент мамандығы да Қазақстан Республикасы Аккредиттеу және рейтингтің Тәуелсіз Агенттігі тарапынан бес жыл мерзімге мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті.

Біздің студенттер халықаралық және республикалық деңгейдегі конференциялар мен  форумдарда, пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар мен әр түрлі сайыстарға қатысып жоғары жетістіктерге ие.

4 курс студенті Виталий Тютеков «Экономика» мамандығы бойынша республикалық ғылыми жұмыстар конкурсында «АЖЗҒЗИ АҚ мысалында кәсіпорындарда төлем ақы ұйымдастыру» атты ғылыми  жұмыс  бойынша II дәрежелі дипломмен марапатталды.

Менеджмент” мамандығының студенті А.М.Космаганбетовтың «Трудовые ресурсы как фактор эффективного роста экономики Актюбинский области» атты тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы Әл-Фараби ҚазҰУ базасында өткен СҒЗЖ бойынша Республикалық конкурста 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Экономика» мамандығының студенті А.Жумабаеваның «Жасыл экономика –болашақ кепілі» атты тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы Т.Рысқұлов атындағы Жаңа Экономикалық университетінің  базасында өткен СҒЗЖ бойынша Республикалық конкурста  3 дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Нархоз» университетінде халықаралық пәндік олимпиаданың нәтижесі бойынша студенттер Е.В.Ткаченко, К.М.Колейчук, Н.В.Деменова ІІІ дәрежелі дипломмен, ал студент Ж.С.Дуйсен, Д.Е.Сугирова, М.С.Ажимбаева «За творческий подход» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы білім беру және еңбек саласындағы жетістіктері үшін құрметті атақтар, мадақтамалар мен төс белгілер және сый ақылармен марапатталды:

  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі-У.С.Байжомартов; Ж.Атаниязов; К.Н.Ахметов (10 қазан 2011 ж);
  • Ақтөбе облысы бойынша «Жас ғалым» номинациясы (2010ж); Қ.Жұбанов атындағы АМУ 50 жылдығының мерейтойлық медалі (Ақтөбе қ, 20 мамыр 2016ж); Қ.Жұбанов атындағы АМУ 50 жылдығына орай Ақтөбе қаласы әкімінің алғыс хаты – А.Б.Тасмаганбетов;
  • Қ.Жұбанов атындағы АМУ 50 жылдығының мерейтойлық медалі – А.А.Курманалина; М.А.Тлеубергенова (Ақтөбе, 20 мамыр 2016ж);
  • Ақтөбе облысы бойынша «Жас ғалым» номинациясы – Б.Ж.Болатова (Ақтөбе, 2011ж.)
  • «Ұлт мақтанышы – Гордость нации» медалі  (29.03.2017); «Халық мұғалімі – Народный учитель» медалі (03.06.2017); Халықаралық Достық форумы аясындағы ғылыми-тәжірибелік конференциясының үздік ғылыми баяндамасы үшін І дәрежелі диплом (Анталия, 30 мамыр – 4 маусым 2017ж); Балаларды қорғау күніне арналған Халықаралық салтанатқа қатысқаны үшін АЛҒЫС. (Түркия, ЭДUANT Корпорациясы, 1 маусым 2017ж) – Г.Ж.Жубаева.

Білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі, педагогикалық шеберлігі, жаңартылған білім беру технологияларын дамытудағы шығармашылық жетістіктері үшін  2018жылы   Нургалиева Ш.Т.  Тлеубергенова М. Алғыс хат пен  марапатталды.

«Экономика және менеджмент» кафедрасының оқытушысы Аслан Тасмаганбетов «Жоғары  оқу  орының үздік оқытушысы – 2018» байқауының жеңімпазы атанды.

Жыл сайын еліміздегі ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық және ғылыми шеберлігін саралайтын «ЖОО-ның үздік оқытушысы» байқауының қорытындысы шығып, 2018 жылдың үздіктері анықталды.  Еліміздің 43 жоғары оқу орнынан  200 адам қатысты.

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Экономика және құқық» факультетінің деканы Аслан Тасмағанбетов «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы 2018» атағының иегері болды.

23.01.2019  күні  Жұбанов университетінің конференц-залында университеттің Оқу-әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен «Әдістемелік жобалар -2019» байқауы қорытыланды.

«Әдістемелік жобалар – 2019» байқауының сараптау комиссиясының шешімімен 11 жоба байқаудың қорытынды кезеңіне өткен болатын. Жоба қатысушылары әріптестерін өздерінің білім беретін пәндері бойынша қолданатын әдіс-тәсілдерімен таныстырып, тәжірибе алмасты. Оқытушылар сабақ барысында пайдаланатын әдістерін интерактивті тақтада таныстырылым негізінде көрсете отырып, өз жобаларын қорғады.

Байқаудың қорытынды бойынша «Экономика және менеджмент» кафедрасының  аға оқытушылары Нұрсамал Сұлтамұратова мен Самал Тасмағанбетов алардың жобасы 1-орынға ие болды

23.01.2020 күні Жұбанов университетінің конференц-залында университеттің Оқу-әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен «Әдістемелік жобалар -2020» байқауы қорытыланды.

«Әдістемелік жобалар – 2020» байқауының сараптау комиссиясының шешімімен 10 жоба байқаудың қорытынды кезеңіне өткен болатын. Жоба қатысушылары әріптестерін өздерінің білім беретін пәндері бойынша қолданатын әдіс-тәсілдерімен таныстырып, тәжірибе алмасты. Оқытушылар сабақ барысында пайдаланатын әдістерін интерактивті тақтада таныстырылым негізінде көрсете отырып, өз жобаларын қорғады.

«Экономика және менеджмент» кафедрасының оқытушылар Ибрашева Алмагул және Шынар Нургалиева байқауға «Дуалды оқыту жүйесі бойынша білім беруде дәріс пресс-конференция, брифинг әдістерін пайдалану» атты жобасын ұсынды. Байқаудың қорытынды бойынша аталған әдістемелік жоба 3-орынға иеленді.

Жұбанов университетінің бірқатар үздік оқытушылар  марапатталды.

«Өз ісінің шебері-2019» номинациясы бойынша оқу процесінде жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдана білуде, оқу мен өндіріс арасындағы байланысты ұштастыра білім беруде кәсіби шебер  атанған  болған   аға оқытушы  Ибрашева Алмагүл Жауынгеровнаға берілді.

Оқытушыға  сертификат пен  қоса  бір айлық жалақы көлемінде сыйақы  төленді.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы