Мемлекеттік басқару және маркетинг кафедрасы – Кафедра тарихы

Мемлекеттік басқару және маркетинг кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Кафедра тарихы

Кафедраның   профессорлық – оқытушылық   құрамы  оқу процесін дайындықтың барлық нысанында келесі мамандықтар бойынша  қамтамасыз етеді: «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Маркетинг»,  «Экономика», «Менеджмент», «Қаржы» және «Есеп және аудит».

«Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасын әр жылда басқарған ғалымдар:

  • 1997-2004 жж. – Мамбетов Убайдулла Есенович  доцент;
  • 2004-2005 жж.- Карамузиев Текей Карамурзиевич экономика ғылымдарының докторы, профессор;
  • 2005-2008жж. – Жунусов Бауыржан Арыстанович экономика ғылымдарының кандидаты, профессор;
  • 2008-2011 жж.- Молдабекова Айна Ибрайхановна  экономика ғылымдарының кандидаты, доцент;
  • 2011-2012 жж.- Есберген Раушан Акимгереевна  экономика ғылымдарының кандидаты;
  • 2012-2013 жж.- Басшиева Жангул Кутжановна  экономика ғылымдарының кандидаты;
  • Қазіргі  таңда кафедра  меңгерушісі –  PhD Сайымова  Мейрамкул  Дулатқызы

Кафедра  барлық оқытылатын пәндер бойынша оқу – әдістемелік кешендермен қамтамасыз  етілген.  Олардың құрамына мамандықтар стандартына сай дайындалған оқу жоспарлары мен бағдарламалар, дәріс кешендері, ағымдық, аралық және қорытынды тест материалдары, семинар сабақтарының жоспарлары, сонымен қатар барлық оқытылатын пәндер бойынша  студенттердің  білімін  бағалау тесттері кіреді.

Университеттің оқу жұмысының басым бағыттарын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету, білім беруде заманауи технологияларды қолдануды дамыту, ғылыми зерттеу жұмыстарының байланысы мен  оқу процесін дамыту кафедраның оқу жұмысының негізгі міндеттері болып табылады.

Кафедра келесі бағыттар бойынша мамандар даярлауды  жүзеге асырады:

Бакалавриат:

  • 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару;
  • 5В051100 – Маркетинг;

Магистратура:

  • 6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару;
  • 6М051100 – Маркетинг.

Кафедра басты мақсаты ретінде жоғары білікті мамандарды даярлауды көздейді:

  • мемлекеттік және жергілікті басқару органдары үшін;
  • маркетингтік зерттеу жүргізетін шаруашылық жүргізуші субъектілерге.

Студенттерді даярлауды кафедраның жоғары білікті мамандары жүзеге асырады. ПОҚ орташа  жасы – 45 жас, кафедраның дәрежелігі – 42 % құрайды.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы