Экономика және менеджмент кафедрасы – Материалдық-техникалық база

Экономика және менеджмент кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Материалдық-техникалық база

«Экономика және менеджмент» кафедрасы № 5 оқу ғимаратында  Ы.Алтынсарин 4-ші  көшесіндегі үйде орналасқан.

Оқу ғимаратының материалдық-техникалық базасы лектік аудиториялармен, аудио-видео және мультимедиялық аппараттармен жабдықталған кабинеттермен, лабораториялармен және спорт залмен  қамтамасыз етілген.

Экономика және құқық факультетінде «Coworking zone» құрылды. «Аrс room», «Creative room», «Meeting room», «Working room», «Smart office», «Conference hall» және «Business research centre» кабинеттері жұмыс жасайды.

«Coworking zone» ғылымды, білім беруді, өндірісті және бизнесті интеграциялау үшін, оның ішінде «дуальдық білім беру» қағидаттарына қосымша мүмкіндіктер ашады.

«Coworking zone» ашылуының негізі мақсаты – өздерінің жобаларын немесе идеяларын жүзеге асыру үшін өз платформасында студенттер, магистранттар, университеттің түлектері мен жас мамандарды біріктіру.

«Экономика және құқық» факультетінде экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Үкетай Серикбайұлы Байжомартов  атындағы кабинет  ашылды. Зерттеу  барысында студенттердің өздері таныса алатын профессордың еңбектері ұсынылған. Кабинет  интерактивті тақтамен жабдықталған және студенттерге, магистранттарға, жас оқытушыларға және факультеттің білім беру орталықтарына арналған.

Профессор-оқытушылар құрамының, студенттер мен магистранттардың оқу –әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін факультет және кафедра кітапханасы кітаптар қорымен, мерзімдік басылымдармен, анықтамалық әдебиеттермен толық қамтылған.

Оқу ғимаратында дезинфекция және стерилизация құралдарымен, дәрілік препараттармен және заманауи медициналық құралдармен жабдықталған медпункт жұмыс жасайды.


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы