Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг кафедрасы – Кафедра тарихы
Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг кафедрасы
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
Кафедра тарихы
«Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг» кафедрасы «Қаржы және есеп» пен «Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедраларының біріктірілуі нәтижесінде 2019 жылдың мамыр айында құрылды.
Аталмыш кафедраның құрылу тарихы бірнеше кафедралардың тарихымен бастау алады. Алғаш құрылған кафедраның бірі, тарихы тереңнен басталатын Экономикалық теория кафедрасы. Ол 1966 жылдан бастау алды. 1973 жылы кафедра қайта құрылып, “КПСС және саяси экономика тарихы” атты жаңа атау алды, оны бастапқыда тарих ғылымдарының кандидаты Н.Т. Володина, содан кейін тарих ғылымдарының кандидаттары А.П. Ермолин және В.С. Щербаков басқарды. Осы құрылымдық бөлімшеден 1982 жылы экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Е.К. Беккалиев жетекшілік ететін “политэкономия” кафедрасы өз бетінше қызмет ету үшін бөлініп шықты.. Кафедраның бірінші құрамына: экономика ғылымдарының кандидаттары, доценттер: Комягин Б.И., Байжомартов У. С., Крючко Н.С., Жунусов Б.А.; аға оқытушылар: Ниязов Р.К., Станевич С.Л., Утегенов Б.И., Мамбетов У.Е., Князова Г.Ж. кірді.
1992 жылдың мамыр айынан 1995 жылдың желтоқсанына дейін біздің еліміздің нарыққа көшуі, экономикалық факультет құру және экономикалық мамандықтар студенттерінің контингентінің артуы жағдайында кафедра атауы өзгертілді және жаңа атауына ие болды: “Экономика және менеджмент “кафедрасы, оны экономика ғылымдарының кандидаты Н. В. Ювица басқарды.
1996 жылдың қаңтар айында кафедра экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Байжомартов У.С. басшылығымен “Жалпы және нарықтық экономика” кафедрасы болып өзгертілді. 1997 жылдың 24 ақпанынан бастап студенттер санының өсуіне байланысты құрылымдық өзгерістер нәтижесінде кафедра жаңа атау алды: “Экономикалық теория негіздері”. Кафедраға доцент Мамбетов У. Е. жетекшілік етіп, 2002 жылдан бастап “Экономикалық теория”кафедрасы болып аталды.
2004 жылдың қыркүйек айында кафедраны экономика ғылымдарының докторы, профессор Карамурзиев Т. К. басқарды, ал 2005 жылдың 15 ақпанынан бастап “Экономикалық теория” кафедрасының меңгерушісі болып экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының корреспондент-мүшесі Жүнісов Б. А. тағайындалды. Осы кезеңдерден бастап кафедраның оқытушылар құрамы негізінен экономика факультетінің үздік түлектері есебінен қалыптасты.
2010-2011 оқу жылының қыркүйек айында “Экономикалық теория және Мемлекеттік басқару” және “Маркетинг” кафедраларының базасында “Мемлекеттік басқару және маркетинг”кафедрасы құрылып, кафедраны доктор phD М. Саимова жетекшілік етті.
Ал, «Қаржы және банк ісі» кафедрасы 2000 жылдың қыркүйек айында құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі – экономика ғылымдарының докторы, профессор Текей Карамурзаұлы Қарамурзиев болды.
Кафедраның бастапқы оқытушылар құрамы 12 адамнан құралды, ал оның материалдық және оқу-әдістемелік базасын құруда А.М.Калиева, Г.Р.Сакенова, Ғ.Мүсіров, М.Кереев, Д.М.Нурмуханова, Б.М.Исмагулова және т.б. зор үлестерін қосты.
Сонымен қатар кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамын құрамдауда сырттан келесідей экономика саласының ғалымдары тартылды: Л.И.Кусаинова – э.ғ.к, Р.Г. Сатканова – э.ғ.к, Н.У.Турдалиев – э.ғ.к. 2004-2009 жж. экономика ғылымдарының докторы, профессор Н.В.Ювица кафедраның тұрақты мүшесі реніде қызмет атқарды. Осы жылдар аралығында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамын одан әрі жас маман кадрлармен толықтыру мақсатында бітіруші түлектер қатарынан – Ж.В. Жугунисова, Г.Д.Кенжебаев, І.Ш.Ажаипов, Г.М.Алдашова, Д.М.Бұхарбаева секілді жас мамандар қалдырылды. 2006-2007 жылдары кафедра оқытушылары Жугунисова Ж.В., Исмагулова (Таскарина) Б.М., ал 2009 жылы Ғ.Мүсіров кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғады.
2001-2008 жылдар аралығында кафедраны техника ғылымдарының кандидаты С.И. Мендалиева басқарып келсе, 2008-2009 оқу жылынан бастап кафедраға экономика ғылымдарының кандидаты Б.М.Таскарина жетекшілік жасайды. Аталмыш оқу жылында кафедра экономика ғылымдарының кандидаты Г.И.Ахметова мен Ж.Ж. Макашевалармен толықтырылды.
2015 жылы аталмыш кафедра «есеп және аудит» кафедрасымен біріктіріліп, «қаржы және есеп» кафедрасы атауымен өзгертілді. Қайта құрылған кафедраның атқару міндеттері э.ғ.к., доцент Б.М.Таскаринаға жүктеледі.
Қазіргі таңда, «Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг» кафедрасына 2019 жылдың 13 желтоқсанынан бастап меңгерушілік қызметті э.ғ.к. Г.И. Ахметова атқаруда.
Кафедрада экономика ғылымының дамуына айтарлықтай үлес қосқан жетекші оқытушылар жұмыстарын жалғастыруда. Олар: э.ғ.д., профессор. Х.Х. Кусаинов, э.ғ.к., профессор Б.А. Жунусов, аға оқытушы У. Е. Мамбетов, э.ғ.к., э.ғ.к., доцент Таскарина Б.М., доцент А.К. Сисен, э.ғ.к., доцент Макашева Ж.Ж., э.ғ.к., доцент М.С. Куздыбаева, э.ғ.к., доцент М.Ә. Турганбаев, э.ғ.к. А.О.Нурманов, э.ғ.к. Г.К. Демеуова және т.б.
Кафедраның ұйымдастырылу мақсаты келесі ББ бойынша бакалавр:
- 5В050800 – «Есеп және аудит»
- 5В050900 – «Қаржы»
- 5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару»
- 5В051100 – «Маркетинг»
- 6В04104 – «Қаржы»
- 6В04103 -«Есеп және аудит»
- 6В04105 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару»
- 6В04106 – «Маркетинг»
және келесі ББ бойынша магистратура:
- 7М04106- «Маркетинг»
- 7М04105-«Мемлекеттік және жергілікті басқару»
- 7М04113- «Қаржы»
бөлімдерінде білім бағдарламасын жүзеге асыру, сонымен қатар, экономика және университетіміздің басқа факультеттерінде арнайы пәндер бойынша сабақ өткізу.
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы