Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг кафедрасы – Материалдық-техникалық база

Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Материалдық-техникалық база

Оқу процесін жетілдіру үшін мультимедиялық құралдар қолданылады: оқытушы мен білім алушының арасында тиімді байланыс орнату және ғылыми шығармашылығын дамыту үшін көрнекті материалдар видеопректорлар және интерактивті тақта пайдаланылады.

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ – нің компьютерлік паркі әрқашан жаңартылып отырады, заманауи жетістіктер технологиясы және бағдарламалық қамтамасыз ету тоқтаусыз жетілдірілуде.

Жаңа инновациялық технолгияларды  пайдаланудың негізгі факторы заманауи компьютерлік техникалардың бар болуы және бірыңғай  ақпараттық – білім беру ортасының желі арқылы құрылуы болып табылады.

Оқу процесін жүргізу үшін: 5В050800 «Есеп және аудит», 5В050800 «Қаржы» мамандықтарына арнайы 11 кабинет («Бухгалтерлік есепті автоматтандыру», «Аудит», «Бухгалтерлік есеп», «Банк ісі», «Салық ісі», «Қаржы» т.б.), 2 лаборатория (салық пәндерәнен, қаржы нарығынан), 5 компьютерлік класс, MS-Office, Project Expert for WINDOWS, Audit Expert 4 заманауи жетістіктер технологиясы бағдарламасымен жетілдірілген жұмыс жасайтын 50 дана компьютер.

Кафедрада сабақ жүргізу үшін лецизионды келісілген ЭЕМ арналған оқу процесінде пайдаланылатын бағдарламалар бар:

  1. Project Expert for WINDOWS инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау және жоспарлау жүйесін автоматтандыру бағдарламалық өнімі. Тіркеу номері №21406N.  Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау және бизнес-жоспарлауды дайындау үшін жасалған көпшілікке белгілі құрал.
  2. Бағдарламалық өнім  «Audit Expert 4 кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау бағдарламасы». Тіркеу номері №21407N. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және несие алушының төлем қабілеттілігін талдауға арналған шешім.

Сонымен қатар, лицензионнды «1С: ПРЕДПРИЯТИЕ 8,2» және  «СОНО РК» салық есептілігінің жүйесі бағдарламалары қондырылған арнайы кабинеттер қолданылады. «Есеп және аудит», «Қаржы» мамандықтарының оқытушылары дидиактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды да кең қолданады: кестелер, карталар, сызбалар.

Білім алушыларға дербестендірілген ресурс қол жетімді: электронды журнал, қорытынды баға, хабарлама алмасу, ЭПОӘК, онлайн-тестілеу, транскрипт, жеке оқу жоспары.

Оқу корпусында  студенттерге ақысыз Wi-Fi интернет желісі қосылған.

Кітапхана қоры оқу құралдарымен, оқулықтармен және АӨМУ-нің профессор-оқытушылар құрамы дайындаған оқу-әдістемелік құралдарымен үнемі толықтырылады.

Факультеттің кітапханасының кітап қоры әр түрлі классикалық,  жергілікті  және шетел құжаттарынан тұрады (ғылыми, оқу базалық, көркем әдебиет, мерзімді баспалар және т.б.), аудиовизуальды және электронды материалдар т.б.

Профессорлық – оқытушылық құрамның және білім алушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін, ғылым жетістіктерін оқу процесіне енгізу үшін, университет қабырғасында жыл сайын ғылыми – практикалық шаралар өткізіліп, олардың нәтижелері конференция басылымдарында шығарылып отырады.

Университеттің ұйымдық  құрылым  ретінде «Экономика  және  құқық»  факультетінде  білім  алуға  және еңбек  етуге  қолайлы  жағдайлар  жасалған.

Атап  өтсек,  білім  үрдісін  жүзеге  асыру  үшін  қажет  инфрақұрылым  тұрақты  жетілдіріліп  тұрады.   Мониторинг  нәтижесінде  білім  алушылардың,  оқытушылардың,  қызметкерлердің  және  басқа  да  мүдделі  тұлғалардың  университет  аумағындағы  бар  инфрақұрылыммен  қаншалықты  қанағаттанатыны  анықталады.

Экономика және құқық факультеті  №5 оқу ғимаратында  орналасқан, 100 орынды оқу залы, электрондық оқу залы бар, ғылыми кітапхана қызмет етеді. Сонымен қатар, электрондық каталог, электрондық кітапхана, 180 орынды акт залы бар.

«Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасында  411 «Мансап» жас мемлекеттік қызметкерлер мектебі, 419 «NameLab» маркетинг кабинеттері пайдаланылады.

Оқу ғимаратында барлық арнайы пәндер ақпараттарына қол жетімді жағдай жасалған, сәйкесінше, электрондық кітапхана құрамында электрондық оқулықтар, профессорлық – оқытушылық құрамның дәрістерінің электрондық көшірмелері, барлық пәндер бойынша оқу -әдістемелік кешен, оқу презентациялары мен оқыту бағдарламалары, монографиялар мен оқулықтардың электрондық нұсқалары, анықтамалар, мақалалар, мерзімді басылымдар мен ғылыми – практикалық конференциялардың электрондық нұсқалары бар.

2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасының ЖОО – ның электрондық ғылыми және оқыту ресурстарын біріктіретін Республикалық университет аралық электрондық кітапхана (РМЭБ)  жүзеге еңгізілді. Студенттер (http://www.rmeb.kz) – РМЭБ сайтында Қазақстан Республикасының басқа да ЖОО – ның электрондық оқу ресурстарын пайдалана алады.

Ағымдағы оқу жылына «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Маркетинг» мамандықтарына оқу – әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қоры – 46281, соның ішінде мемлекеттік тілде – 26719.

Университетте оқытушылар мен білім алушыларға технологиялық қолдау мақсатында «Univer» жүйесіндегі ақпараттық орта қалыптастырылған. Университет қабырғасында арнайы компьютерлік аудиторияларда білім алушылар мен оқытушыларға тегін 160 мбит/сек жылдамдықтағы интернет желісі қарастырылған. Дәл осындай мүмкіншілік жатақхана студенттеріне  де  жасалған.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы