Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг кафедрасы – Жетістіктер
Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг кафедрасы
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
Жетістіктер
Қазақстан Республикасының АРТА Аккредиттеу кеңесінің шешімімен білім беру бағдарламалары 5 жыл мерзімге аккредиттелді:
Бакалавриат:
- 5В050800 – «Есеп және аудит»
- 5В050900 – «Қаржы»
Ғылыми педагогикалық серіктестік бірнеше бағытта дамуда: халықаралық ғылыми жобалар мен бағдарламарға қатысу, бірлескен басылымдар (мақалалар), академиялық ұтқырлық бағдарламасының аясында ғалымдарды курстар оқуға шақыру, конференцияларға қатысу және біліктілікті арттыру. Университеттің бүгінгі күнге Қазақстанның және ТМД елдерінің ЖОО-мен тығыз ғылыми байланысы бар және бірқатар ғылыми-теориялық және практикалық конференциялардың ұйымдастырушысы болып табылады.
Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 5В050800 – «Есеп және аудит» мамандығының студенттері Ж.Шегембаева., Д.Сейталиева., А. Әбішкенова бір семестр көлемінде Алматы қаласы «Нархоз» университетінде білім алды.
5В050900 – «Қаржы» мамандығының студенті С.Несипбаева бір семестр көлемінде Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетте білім алды.
5В050900 – «Қаржы» мамандығының 3-курс студенті А.Куйшенова Орынбор мемлекеттік университеті ұйымдастырған халықаралық жазғы мектепте болып қайтты.
2017-2018 оқу жылында 5В050900 – «Қаржы» мамандығының студенті К.Ордина Балтық Халықаралық Академиясында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуда.
Факультет студенттері үнемі Қазақстанның алдағы ЖОО-мен жүргізілетін республикалық пәндік олимпиадалар, конкурстар және халықаралық конференциалардың жүлдегерлері болып табылады. Мысалы, «Қаржы» мамандығының студенттері Украинада өткен «Жаһандану жағдайында Украинаның қаржылық-экономикалық саясаты» II Халықаралық ғылыми-практикалық конференциасына белсене қатысты. Барлық баяндамалар «Жаһандану жағдайында Украинаның қаржылық-экономикалық саясаты» материалдарының басылымына шықты.
Сонымен қатар, кафедраның оқытушылар құрамы студенттердің ғылыми-практикалық конференциялар мен ғылыми мақалалардың жинағында мақалалар жазу барысында ғылыми жетекшілік етеді. Мысалға кафедра доценті Ж.Ж. Макашева Курск қаласында студенттерімен бірге «Ғылымның болашағы-2016» конференциясына қатысты.
2016 жылы «Есеп және аудит» мамандығының студенттерінен құралған команда «Нархоз» университетінің базасында өткізілетін пәндік олимпиадада 3-орынға ие болды (ғылыми жетекші, э.ғ.к., доцент З.О.Иманбаева). «Қаржы» мамандығының студенттерінен құралған команда «Нархоз» университетінің базасында өткізілетін пәндік олимпиадада 3-орын алды (ғылыми жетекші, э.ғ.к., аға оқытушы Г.И.Ахметова).
2016 жылы «Есеп және аудит» мамандығының студенттері Т.Е.Нургали., А.Б. Бескалиева э.ғ.к., доцент З.О.Иманбаева жетекшілігімен VIII Халықаралық студенттік ғылыми электрондық конференциясына қатысып, «Ең үздік студенттік ғылыми жұмыс» дипломын иеленді (Мәскеу қаласы).
2017 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті экономика және құқық факультеті «Қаржы» мамандығының «Синдикат» командасы Алматы қаласы «Нархоз» университетінде откен IX Республикалық студенттік пәндік олимпиадада II жүлделі орынға ие болды. Сондай-ақ команда мүшесі Александр Резник «Ең үздік қаржыгер» номинациясына ие болды.
Кафедраның профессор – оқытушылар құрамы ғылыми журналдардағы, халықаралық және республикалық ғылыми – практикалық конференциялардағы басылымдары бойынша, оқулықтар мен оқу құралдарын шығару бойынша жоғары рейтингтік көрсеткішке ие.
Көптеген жылдардың жұмыс нәтижесінде профессор – оқытушылар құрамы еліміздің барлық жоғары оқу орындарында қолданылып жүрген 30-дан астам оқулықтар мен оқу құралдарын дайындап баспадан шығарды. Олардың ішінде оқулықтар: «Нарықтық экономика негіздері», «Теоретическая экономика», «Жалпы экономикалық теория», «Экономикалық ілімдер тарихы», «Общая экономическая теория», «Макроэкономика» және т.б.
“Мемлекеттік және жергілікті басқару” және “Маркетинг” мамандығы студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері
№ | Катысушылар | Өткізу түрі | Өтетін уақыт мен орыны | Нәтижелері |
1 | Отарбай Алиаскар Баймаханулы, Есенжолова Акзерип Самалбеккызы, Орынбаева Назгүл Адилханкызы, Ағанасов Руслан Алғашулы, Мурзабекова Асемгүл | Х Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының ІІ кезеңінде МжЖБ мамандығы бойынша ІІІ орын «МАНСАП» командасы | Алматы қаласы, ҚазҰУ, 28-30 наурыз 2018. | ІІІ орын |
2 | Айетова Ақбота, Тұрсынғалиева Бақытгүл, Лим Мира | «Маркетинг» мамандығы бойынша Жоғарғы оқу орындары арасында «MarkeTrend» II Республикалық студенттік пәндік олимпиада | Нархоз университеті 26.04.2018ж. Алматы қаласы. | III дәрежелі ДИПЛОМ (3 орын) |
3 | Сейілхан Ж., Қуантаева Г., Мырзажанова А. | Университет деңгейінде 5В051100 – Маркетинг мамандығы студенттері арасында пәндік олимпиада | Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ Ақтөбе қ. 19.04.2018ж. | (I дәрежелі диплом), (II дәрежелі диплом), (III дәрежелі диплом) |
4 | Лим Мира, Бусовцова Оксана, Мулдакулов Жаксылык, Сарсенбаева Аяжан, Куанышбай Акерке | XVII Республикалық экономикалық мамандықтар бойынша олимпиада | Орал қаласы, 2018 ж. | (I дәрежелі диплом) «Мансап» командасы |
2018 жылы Орал қаласында өткен республикалық дебаттан «Маркетинг» мамандығының студенттері Лим Мира, Орынбасар Алина жүлделі оралды.
Профессор-оқытушылық құрам әрдайым студенттік ғылымға назар аударады. Экономика және құқық факультетінің ПОҚ студенттермен, магистранттармен бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстары белсенді түрде ұйымдастырылады. Студенттердің, магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары дербес және зерттеу жұмыстарының дағдыларын, сондай-ақ, ғылыми мақалалардың, мәтіндердің, репортаждың, интервью мен құжаттарды критикалық тұрғыдан талдау дағдыларын қалыптастыру мақсатында шығармашылық тапсырмалар түрінде оқу үрдісіне енгізілуде. Кафедра оқытушылары оқу үрдісінде белсенді түрде рөлдік және іскер ойындарды, топтық және дербес оқу жобалар сияқты креативті оқытудың әдістерін қолданады. Барлық ғылыми үйірмелер мен проблемалық топтардың қызметі оқитындар арасында ғылыми әлеуетін және дипломдық жобаларға топтарды мақсатты бағытталған дайындықты арттыруға бағытталған. Ғылыми үйірмелер мен проблемалық топтардың мүшелері болып табылатындар ғылыми конференцияларға, конкурстарға белсенді қатысып, қала мекемелерінің өкілдерімен кездесулерді ұйымдастырады. Үйірмелердің барлық қызметі отырыстардың тиісті хаттамаларында көрсетілген және кафедраларында сақталады.
Кафедра бойынша 2 ғылыми үйірмелер жұмыс жасауда:
- «Зерттеуші – маркетолог» ғылыми үйірмесі, э.ғ.к. Ж.К.Басшиева жетекшілігімен;
- «Көшбасшы» ғылыми үйірмесі, жетекшісі: Мемлекеттік және жергілікті басқару ғылымдарының магистрі, оқытушы Д.Е.Оспанов;
Оқытушылар әртүрлі ғылыми мәселелерді шешу үшін студенттерді ынталандырады. Бұл іс-шараның нәтижелері студенттік конференцияларға, студенттік ғылыми жұмыстардың республикалық конкурстарында көрнеді. Студенттер арасында республикалық пәндік олимпиадалардың, конкурстар мен жоғары оқу орындарының халықаралық конференцияларының жеңімпаздары бар.
«Мансап» мектебі студенттер командасы Алматы қаласындағы 10-шы Республикалық студенттік олимпиадада 3 орынды иеленді. Бірінші дәрежелі Орал қаласындағы XVII Республикалық студенттік олимпиадасында «Мансап» командасы марапатталды.
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы