Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг кафедрасы – Оқу және ғылыми қызметі

Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Оқу және ғылыми қызметі

«Қаржы және есеп» кафедрасы мамандарды «Қаржы», «Есеп және аудит» мамандықтары  бойынша дайындайды. Кафедра қызметкерлерінің жалпы саны 20 адамды құрайды, оның ішінде «Қаржы» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының докторы PhD дәрежесінде 1 оқытушы, экономика ғылымдарының кандитаттары – 9 оқытушы, жоғары дәрежесі бар магистр аға оқытушылар -10.

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы оқу-педагогикалық жүктемесіне сәйкес жүзеге асырылады. Кафедра оқытушылар құрамымен әрдайым оқу үдерісіне қажет әдістемелік құралдар, атап айтсақ, силлабустар, оқу-әдістемелік кешендер, оқу бағдарламалары, дәріс жинақтары жасақталып отырылады. Кафедрамен қаладағы негізгі қаржылық ұйымдар мен мекемелермен өзара байланыс орнатылған, онда өндірістік тәжірибеден өткізу мақсатында екіжақты келісім-шарттар жасалады.

Оқыту құралдары мен инновациялық әдістемелердің базасын жетілдіру жолдары кафедра отырыстарында және әдістемелік кеңесте қарастырылады. Ең өзекті және тиімді әдістерді енгізу тәжірибесі оқытушылар арасында ашық және көрнекті сабақтарды өткізу арқылы тәжірибе алмасудың объектісі болып табылады және ол ОӘЖ жоспарында және оқытушылардың өзара сабақ алмасу журналдарында тіркеледі. Атап айтқанда, оқытушылар қаржы институттарының қызметкерлерімен бірге бинар дәріс өткізіледі.

Кафедра жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі оқу үдерісінде креативті технологияларды енгізу болып табылады. Білім берудің креативті технологиясы тұлғаның шығармашылығын ояту  және оның шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында тиянақты ойын жинақтау, өзінің шығармашылық күшіне сену, жалпы адами құндылықтардағы жаңа тың ойларды игеру қабілетін білдіреді.

Кафедраның ПОҚ оқу үдерісінде инновациялық технологияларды енгізу бойынша келесідей шаралар атқарады:

  1. Студенттердің ынтасын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында кафедра оқытушыларымен пәнді оқыту барысында, әдістемелік біліктілігін арттыруда дәрістің қазіргі кездегі келесідей түрлері қолданылады: мультимедиялық дәріс, қосарлы дәріс, алдын-ала жоспарланған қателермен дәріс, дәріс-дискуссия, проблемалық дәріс;
  2. Кафедра оқытушыларымен практикалық сабақтың әр түрлері, әдістері, түрлі тәсілдері қолданылады: шығармашылық тапсырмалар, шағын топтармен жұмыс, бірлестікте оқыту, жоба әдістері, шешім ағаштары, рольдік және іскерлік ойындар, кейс-әдіс, ситуациялық талдау, дискуссия.

Оқу үдерісінде оқытудың жаңа әдістері мен қазіргі замаңғы педагогикалық технологияларды ендіру бойынша таратылым материалдары мен интерактивті тақталар қолданылады. Интерактивті тақтаны қолдану оқу материалдарын студенттерге көрнекті және жеткілікті болуына мүмкіндік береді, нәтижесінде сабақ барысында студенттердің белсенділігі оянып, оны қабылдау деңгейі артады.

Дәріс және практикалық сабақтарды өткізудің дәстүрлі формалары жетілдіріліп, жаңа түрлері енгізілуде: дәріс-пікірталас, пресс-конференция, эмпирикалық зерттеулер жүргізу. Креативті технологиялардың ішінде іскерлік және рольдік ойындар, кейс-стади, миға шабуыл, бақылау сұрақтары әдісі (қатемен жұмыс әдісі), дебат, презентация. Дәріс материалдарының презентациясы көптеген оқытушылармен слайд түрінде өткізіледі, таратылым  материалдарымен қамтамасыз етіледі. Бұлардың барлығы сабақ кезінде студенттердің тақырыптың мәселелі тұстарын  меңгерудегі белсенділігін арттырады.

Кафедрада қаламыздағы атақты адамдармен кездесу және дөңгелек үстелдер жүргізіледі. Мысалы, Қаржыгерлер күнін атап өтуде жыл сайын Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық банктің директоры П.Ш. Асимбетова және ондағы қызметкерлермен, сонымен қатар қаламыздағы екінші деңгейлі банктердің қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылып тұрады.

Ағымдағы оқу жылы оқытудың қашықтан оқыту формасы бойынша студенттерге арналған электрондық оқу-әдістемелік құралдарды жасақтау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуі үшін 20-дан астам келісім-шарттарға отырғызылды: Ақтөбе облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті, «Каспи банк» АҚ АФ, «Сбер банк» АҚ ЕБ АФ, «АТФ банк» АҚ АФ, «Форте банк» АҚ АФ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ АФ, «Фридом Финанс» ИК АФ және т.б.

Сонымен, кафедра білікті профессор-оқытушылар құрамымен және қазіргі заманғы құралдармен қамтамасыз етілген. Кафедраның ПОҚ-ның мамандарды даярлауда тәжірибесі мол.  Жоғарыда айтылғандардың барлығы «Қаржы және есеп» кафедрасының еліміздің индустриалды-инновациялық дамуына үлес қосатын білікті де, білгір мамандарды даярлауда белсенді қатысатынының дәлелі екенін көрсетеді.

Кафедраның ғылыми қызметі келесідей бағыттарда жұмыс жасауда:

  • аймақтың моноқалаларының индустриалды – инновациялық дамуының мәселелері;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тегін маркетингтік қызмет көрсету орталығын құру.

Кафедра аймақтық билік органдарының тапсырыстары бойынша және грант негізінде ғылыми – зерттеу жұмыстарын  орындайды.

Сонымен қатар, кафедраның ғылыми бағыттары ғылыми – әдістемелік семинарлар, магистрлік диссертацияларды талдау, конференцияларға қатысу түрінде жүзеге асырылады. Үш жыл ішінде кафедра ПОҚ – ның мақалаларының саны екі есеге өсті. Кафедрада «Ар-намыс», «Маркетолог – зерттеуші»  студенттік ғылыми үйірмелер бар.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде, оқытушылар арасында  профессор Б.А. Жунусов «Шанхай экономика және қаржы» университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2018 -2019  оқу жылдары кафедраның  студенттері Қарақулова Ж.,  Байсары А., Сансызбаева А., Тілегенова Л., Жекешева А. Алматы Техникалық университетінде білім алуда.

Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысы университетте білікті мамандар даярлаудың міндетті алғышарты, оқу – тәрбиелік және ғылыми – инновациялық біртұтас процестің ажырамас бөлігі болып табылады. Ғылыми жұмыстармен айналысу студенттерге жоспарларын анықтауға,  қажетті зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға және өз ғылыми жұмыстарының нәтижелерімен конференцияларға, семинарларға, пікірталастарға қатысуға мүмкіндік береді. Студенттік командалар кафедра оқытушыларының жетекшілігімен соңғы үш жылда Қазақстанның алдыңғы қатарлы ЖОО өткізетін әртүрлі республикалық  пәндік олимпиадалардың, байқаулардың және халықаралық  конференциялардың  жүлдегерлері атанды.

Кафедра студенттердің тұлға ретінде дамуға бағытталған жұмыстар жүзеге асырылады. Кафедра студенттері әр түрлі сайыстар мен республикалық конференцияларға белсенді қатысады, сонымен қатар жақсы нәтижелер көрсетеді. «Мемлекеттік және  жергілікті басқару» саласында мамандарды дайындайтын оқу орындары және мемлекеттік органдар арасында практикалық ынтымақтастықтың жобасы  кафедрамызда еңгізілді. Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер министрлігінің департаментімен бірлесіп «Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасының ұйымдастыруымен жаңа жоба «Студенттік мемлекеттік қызмет мектебі – «МАНСАП» жұмыс жасайды. Мектептің ашылуына 2016 жылдың наурыз айында Мемлекеттік қызмет бойынша өңірлік хабтын басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов пен Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасының тұрақты өкілі Норимаса Шимамура қатысты.  «МАНСАП» мемлекеттік қызмет мектебі ашылу мақсаты -түлектеріне болашақ кәсіби қызметінде қолданылатын мемлекеттік қызметінде тәжірибелік дағдыларды  қалыптастыру.

Студенттік мемлекеттік  қызмет мектебіне студенттер іріктеліп алынады. «МАНСАП» мектебінде  мемлекеттік органдардың жетекші мамандары дәріс жүргізеді және теориялық оқытудан кейін студенттер түрлі мемлекеттік органдарда екі айлық тәжірибеден өтеді. Бұл мектептің мәні – дарынды жастарға мемлекеттік қызметке тәжірибелік дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беру болып табылады.

Кафедраның профессор – оқытушылар құрамы ғылыми журналдардағы, халықаралық және республикалық ғылыми – практикалық конференциялардағы басылымдары бойынша, оқулықтар мен оқу құралдарын шығару бойынша жоғары рейтингтік көрсеткішке ие.

Көптеген жылдардың жұмыс нәтижесінде профессор – оқытушылар құрамы еліміздің барлық жоғары оқу орындарында қолданылып жүрген 30-дан астам оқулықтар мен оқу құралдарын дайындап баспадан шығарды. Олардың ішінде оқулықтар: «Нарықтық экономика негіздері», «Теоретическая экономика», «Жалпы экономикалық теория», «Экономикалық ілімдер тарихы», «Общая экономическая теория», «Макроэкономика» және т.б.

Мемлекеттік басқару,қаржы және маркетинг кафедрасы 5В050800 “Есеп және аудит”, 5В050900 “Қаржы”, 5В051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару, 5В051100 Маркетинг, 6В04104 Қаржы, 6В04103 Есеп және аудит, 6В04105 Мемлекеттік және жергілікті басқару, 6В04106 Маркетинг білім беру бағдарламалары  және 6М051100 Маркетинг, 6М051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару, 6М050900 Қаржы бойынша магистранттарды шығарушы кафедра болып табылады.

Кафедра қызметкерлерінің жалпы саны 31 адамды құрайды, оның ішінде 1 экономика ғылымдарының докторы, 1 экономика ғылымдарының докторы деңгейінде оқытушы, 1 экономика ғылымдарының кандидаты, 11 оқытушы, жоғары магистр дәрежесі бар аға оқытушы -18.

Еліміздегі ЖОО Білім беру бағдарламаларының жүзеге асырылуының нәтижелігін бағалау құралдарының бірі – «Атамекен» ҰКП-ның ЖОО білім беру бағдарламаларының рейтингі. Аталмыш ұйымның  2022 жылғы рейтинг нәтижелеріне талқылау және талдау, факультеттегі ББ әлсіз тұстары мен тәуекелдерін анықтау, сонымен қатар, рейтингтегі ББ позициясын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында 2023 жылдың 17-ақпанында Экономика және құқық факультеті бойынша Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.  2021 жылмен салыстырғанда «Есеп және аудит» ББ 26 позицияға төмендеп, 64 ЖОО арасында 57-орынға, «Қаржы» ББ 3 позицияға төмендеп, 65 ЖОО арасында 28-орынға, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» ББ 2022 жылы 5 позицияға төмендеп, 34 ЖОО арасында 8-орынға орныққандығы айтылып, оның себептері талқыланды.

Түлектердің мансаптық перспективасы бойынша жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру үшін түлектің тұрақты жұмысқа орналасуына мән беру керектігі,  сараптамалық бағалау көрсеткішін жақсарту үшін ББ-н әзірлеу мен оқу процесіне сала мамандарын, жұмыс берушілерді тарту жұмыстарын жетілдіру керек екендігі айтылды. Модульдік білім беру бағдарламаларындағы оқу нәтижелерін еңбек нарығы талаптарына сәйкес өзектендіру, пәндерді оқыту реті, өзара сабақтастығы, силлабустардағы дәріс, практика сабақтары тақырыптарының өзектілігіне, олардың оқу нәтижелеріне қол жеткізу мүмкіндіктеріне, ұсынылған әдебиеттердің өзектілігіне аса мән беру қажеттілігі ескертілді.

ББ-н даярлаудың материалдық-техникалық базасын жетілдіру үшін арнайы, мамандандырылған оқу кабинеттерін ашуға, оларды жабдықтауға, кітапхана қорын толықтыруға салынатын инвестиция көлемін арттыру сұрақтары талқыланды.

ПРОТОКОЛ 6 ЗАСЕДАНИЯ КОМИССИИ ПО ОБЕСПЕЧЕНИЮ КАЧЕСТВА ФЭиП от 17.02.2023

 

Электрондық оқу ресурстарын әзірлеу және жариялау


Иманбаева Зауреш Отегенкызы

Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы