Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг кафедрасы – Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг кафедрасы
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
Бітірушілерді жұмысқа орналастыру – мамандарды кәсіби даярлаудағы маңызды көрсеткіштердің бірі. Экономика және құқық факультетінде осы мәселеге көп көңіл бөлінеді. Түлектерді жұмысқа орналастыру, еңбек нарығына бейімдеу мақсатында ақпараттық, әдістемелік, психологиялық және ұйымдық қолдау көрсету бойынша шаралар кешені жүргізіледі.
Жұмыс берушілер ретінде бизнес басшыларын тарту мақсатында іскерлік байланыстар орнатуға, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларының қатысуымен дөңгелек үстелдер, бос орындар жәрмеңкесі өткізу дәстүрге айналды. Біздің факультетте төмендегідей компаниялар және институттармен байланыстар құрылған: «Цесна Банк» АҚ, «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «Qazkom Банк» АҚ, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті және Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс»; «Тау», «Қажетті адамдар», «Apple City» ЖШС, «Aтамекен нан» ЖШС, «СБК титан» ЖШС және т.б.
Факультетте түлектердің тиімді жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету үшін келесі жұмыс бағыттары жүзеге асырылады:
- Ақтөбе облысы және батыс өңірі бойынша жұмыс берушілермен қарым-қатынас жасау.
- Түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша және бос жұмыс орындарының жиынтық мәліметтерін жасау.
- Түлектердің мәліметтер базасын қалыптастыру, жәрмеңке, дөңгелек үстел, сұхбат және т.б. шаралар ұйымдастыру.
- Жұмыспен қамтылған түлектермен коммуникативті ортаны құру, әріптестік қарым-қатынас орнату.
Бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы деңгейін білу мақсатында жыл сайын талдау жүргізіледі. Ол 2014-2015 оқу жылында – 66,2%, 2015-2016 оқу жылында – 84%, 2016-2017 жылдары 85% құрады. Бітіретін студенттердің жоғары кәсіби дайындық деңгейін анықтау мақсатында, өндірістік тәжірибе өткен орындарынан теориялық және практикалық сипаттағы жетістіктері мен кемшіліктері, өндірістік жаңа технологиялар туралы компания басшылары пікір ұсынады. Тұтынушылардың мамандарды даярлау сапасына қоятын көрсеткіші 80-85 % құрайды.
Жоғары оқу орындарына қойылатын талаптардың бірі, бітіретін түлектерге сұраныс болып табылады. Факультет кафедрасы бітіретін түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізеді және жыл сайын «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өткізеді, онда бітіруші түлектер шақырылған басшылармен мекеме мамандарына «Іскер бизнес-адам» портфолиосымен өзінің «іскерлік картасын» ұсынады. Жұмыс берушілердің назарына «Қаржы» және «Есеп және аудит» мамандығының бітіруші түлектеріне біліктілік талаптары және олардың оқу, ғылыми, тәрбиелік жұмысындағы жетістіктері, сондай-ақ студенттік өмірдің қызықты сәттері туралы анық көрсетілген стендтері дайындалады.
2017 жылдың 8-ші сәуірінде факультетте «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді. Онда жұмыс берушілермен кездесіп, жұмысқа орналасу мәселелері талқыланды. Бұл шараға 83 студент қатысты. Іс-шара барысында жұмыс берушілер 4 курстың студенттеріне бос орындар туралы, олардың лауазымдық міндеттері, тиісті лауазымға үміткерлерге қойылатын талаптар, ұйымдағы ішкі ережелер туралы және т.б. туралы хабардар етті. Болашақта бұл жұмысты қаланың жəне облыстың кəсіпорындарымен, ұйымдарымен жəне мекемелерімен тығыз байланыстыру арқылы нығайту көзделуде.
Университеттің Қазақстан мен халықаралық деңгейде беделін арттыруға ықпал ететін кәсіби, саяси немесе қоғамдық қызметтегі тамаша нәтижелерге қол жеткізген түлектер арасында мыналарды атап өту қажет:
Е.Ж.Данагулов Мұғалжар ауданы əкімі;
Ж.С.Серік Ақтау қалалық кіріс департаменті басшысы;
А.С.Жакенова ERG Eurasian Group коммерциялық орталығының экономика жөніндегі басқарушы директоры;
А.С.Саркулов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Басқарма төрағасы; А.Е.Таскарин “Казкоммерцбанк” АҚ директоры Шымкент қаласы;
У.Даниярова «Самұрық Энерго» АҚ Қазынашылық департаментінің бас менеджері; Р.Э. Газиев. «Fridom finance» АҚ АФ директоры.
Болашақта осы жұмысты күшейтуде қаланың және облыстың кәсіпорындарымен, ұйымдар мен мекемелерімен тығыз байланыс орнату және кәсіптік практиканы жүргізуде тәжірибелі мамандарды университеттің оқу үрдісіне, ғылыми-зерттеу және тәрбиелеу іс-шараларына қатыстыру арқылы байланысты арттыру жоспарлануда.
2018 жылғы түлектерді жұмысқа орналастырудың негізгі міндеттері:
- Кәсіпорындар мен ұйымдармен байланысты нығайту.
Осы мақсатта:
- «Қаржы», «Есеп және аудит» мамандықтарының магистратурасы бойынша жаңа мамандықтар ашу үшін жұмыс берушілермен кездесулер өткізу, өткізілетін іс-шаралардың сапасы мен тиімділігін арттыру;
- қалаларының ірі ЖОО тәжірибесін пайдалану;
- кәсіпорындар мен ұйымдардың тапсырыстары бойынша мамандарды мақсатты келісімшарт бойынша жүйелі жұмыс жүргізуді ұйымдастыру.
- Жас мамандарға сұранысты қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжау бойынша жұмыстарды орындау. Осы мақсатта еңбек нарығына және түлектерге деген сұранысқа мониторинг жүргізу, ерекше көңілді тәжірибелік сабақтардың сапасына бөлу.
- Өткен жылдардағы түлектердің жергілікті деректер банкін құру, олардың жас мамандарды жұмысқа кеңінен тарту процестеріне қатыстыру.
Осылайша, Ақтөбе облысының еңбек нарығында жас мамандардың табысты мансапты бастау үшін көптеген мүмкіндіктер бар. Бүгінде Ақтөбе облысының көптеген кәсіпорындары біздің университеттің түлектерін жұмыс орындарына тартуға қызығушылығы жоғары.
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мен «Маркетинг» мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу 85% құрайды. Бұл мамандықтың түлектері еліміздің, аймақтың мемлекеттік басқару органдарында және әртүрлі кәсіпкерлік құрылымдар саласында қызмет етеді.
Кафедра түлектері – Д.Ж.Ермаганбетов, Ж.С.Жұмашева, Е.Н. Мырзаханова Ақтөбе облысының индустриалды – инновациялық дамуы басқармасы, Бабатова А. – Ақтөбе облысының білім басқармасында жетекші маман, Сисенов А. – Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімінде бас маман, Абекенов М.Д. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде бас маман, Актанова Л. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде бас маман, Өмірзақ А. – Ақтөбе облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бас маман, Камилов М. – Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының бас маманы, Ахмет Ж. – Қарғалы ауданы әкімі аппаратында жетекші маман, Даңғаев С. – Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы ККМ, сонымен бірге Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында, т.б.қызмет жасайды.
Ақтөбе еңбек нарығы жас мамандарды мансапты сәтті бастау үшін көптеген мүмкіндіктер береді. Бүгінде Ақтөбе облысының көптеген кәсіпорындары біздің мамандықтың түлектерін жұмыс орындарына тартуға мүдделі. «Маркетинг» мамандығы бойынша үздік білімі бар студенттер түрлі салаларда жұмыс жасайды. Сонымен қатар, «Маркетинг» мамандығының түлектері Ғалым Кобландин, Индира Кенжебаева, Айбану Бекетова, Ербол Жұмашев, Султан Мажитов, Аида Сейтжапарова, Даурен Өтегенов мемлекеттік қызметте жұмыс жасайды, сондай – ақ алдыңғы қатарлы өндірістік кәсіпорындардің бірі – «Ақтөбе рельс арқауы – балк зауытына» Нұрланқызы Перизат маркетолог ретінде жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ – Айгерим Мусирова, Айгуль Сеилова, Ғалия Айтжанова, Айзат Бакытова, Айгуль Мустафина, Жазира Садыкова, Шолпан Ихсанова сынды түлектер Ақтөбе облысының әртүрлі мемлекеттік мекемелері мен банк саласында қызмет атқарады.
Кафедра түлектері Қазақстан экономикасының көптеген салаларында, атап айтар болсак, Ақтөбе теміржол зауыты, банк құрылымдары, аудан әкімшіліктерінде қызмет атқарып жүр.
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы